10 желтоқсан 2021ж «Южный» қалалық кітапханасында Қостанай индустриялық-педагогикалық колледжі МСХ-21 топ студенттермен «Азат. біздің құрметті Қазақстан» атты тарихи экскурс өтті. Тарихи экскурс «Фантазия» тобының биімен басталды
Кітапханашы қазақ хандығынан бастап бүгінгі күнге дейінгі тарихқа тоқталды. Қазақстан тарихына қазақ халқының тәуелсіздік пен бостандыққа жету жолындағы қиын да, ұзақ жолдан өткенін, бірақ ең жақсы қасиеттерінің арқасында, қауіп-қатер кезінде топтасып, бірлікте бола білгендігін, бейбітшілікте, келісімде, жақсылықта өмір сүруге деген ұмтылысын баяндады. Іс-шара барысында студенттерге тарихи оқиғалар мен хан Жәнібек, «Желтоқсан» «Тәуелсіз Қазақстан» туралы бейнероликтері көрсетіліп, слайд арқылы жалғасты. Іс-шараға А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің жанындағы П.Чужинов атындағы Экономика және құқық институты әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры, философия ғылымдарының кандидаты Шаукенов Жангелді Әрсенұлы, Қостанай қалалық әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Ещанова Асем Бақытжанқызы шақырылды. Шақырылған қонақтар жастарға Тәуелсіз Қазақстанның 30 – жыл ішінде жеткен жетістіктеріне тоқталды жане біздің болашағымыз білімді жастарда екендігін айтты. Кітапхана қызметкері Жармағанбетова Жанагүл мерекеге арнап халық әні «Желкілдекті» орындады.Шара соныңда «Мақтанышым – Тәуелсіз Қазақстан» атты кітап көрмеге шолу жасалды. Іс-шара Е. Хасанғалиевтің «Атамекен» әніне жазылған видеороликпен аяқталды.
Қазақстан тарихына қазақ халқының тәуелсіздік пен бостандыққа жету жолындағы қиын да, ұзақ жолдан өткенін, бірақ ең жақсы қасиеттерінің арқасында, қауіп-қатер кезінде топтасып, бірлікте бола білгендігін, бейбітшілікте, келісімде, жақсылықта өмір сүруге деген ұмтылысын баяндады. басқа халықтармен көршілестік, ол тарих ағымында жоғалып кетпеді және ондаған жылдардан кейін ол өзінің мемлекеттігін қалпына келтіре алды.
Шара барысында студенттерге тарихи оқиғалар мен хан Жәнібек, «Желтоқсан» бейнероликтері көрсетілді.