2022 жылғы 25 ақпанда Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінде “Стратегиялық алаңы” желілік өзара оқыту жобасының бағдарламасын іске асыру шеңберінде “Білім беруді трансформациялаудың өзекті бағыттары: болмысы мен болашағы” тақырыбында облыстық Педагогикалық оқулар өтті. Педагогикалық оқуларға қатысушылар оқытушылар, өндірістік оқыту шеберлері, әкімшілік, Қостанай облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының әдіскерлері –”Серіктестік алаңы” желілік өзара оқыту жобасының қатысушылары: “Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжі” КМҚК, “Қостанай автомобиль көлігі колледжі” КМҚК және “Қазақстан агротехникалық колледжі”КМҚК.
Бұл педагогикалық оқулардың мақсаты:
– білім беру қызметкерлерінің педагогикалық шеберлігін арттыру, үздік инновациялық педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату.
Педагогикалық оқуларға қатысушы оқытушылар секцияларда келесі бағыттар бойынша жұмыс істеді:
1 секция-әлеуметтік жауапты тұлғаны тәрбиелеудегі рухани-адамгершілік құндылықтар, тарихи және ұлттық-мәдени дәстүрлер.
2 секция-электрондық ақпараттық-білім беру ортасы білім беру сапасын арттыру құралы ретінде.
3 секция-Білім беру жүйесі қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін үздіксіз дамыту: аспектілері, жағдайы, болашағы.
4 секция-Білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында колледжде кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыру.
Секциялар бойынша жұмыс достық жағдайда өтті.
Қорытындысы бойынша барлық педагогтарға алғыс хаттар табыс етілді.