“Жеке қорғаныс құралдары” тақырыбында ашық сабақ өтті

“Әлеуметтік-гуманитарлық бағыт” ЦК онкүндігі аясында 04.03.2025 жылы сағат 12: 00-де АӘД оқытушысы Д.М. Досов ПР-1-24 тобында “Жеке қорғаныс құралдары”тақырыбында ашық сабақ өткізді. Бұл сабақта студенттер газ маскасын, респираторды қолдануды үйренді, қорғаныс құралдарымен танысты, сонымен қатар қарапайым қорғаныс құралдарын жасауды және қолдануды үйренді. Бұл сабақ студенттердің назарын, өзара көмек дағдыларын, жылдамдық пен ептілікті қалыптастырды. Сабақтың осы түрін қолдану ақпаратты кеңейтуге, оқыту аспектісін өзгертуге, түсінуді тереңдетуге, тәжірибе мен өзара әрекеттесу арқылы ұғымдарды нақтылауға мүмкіндік берді. Студенттерде жалпыәскери жарғылар саласында қажетті білім, білік және дағдылар орнықты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған