Киберспортивті шайқас: жеңіс біздің қолда!

Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжі Counter-Strike 2 компьютерлік ойыны бойынша колледж студенттері арасында облыстық киберспорт жарысын ұйымдастырды. Жарыс «PRÌDE» компьютерлік клубында өтті @pride_cyber_club . Барлығы 11 команда бақ сынасты. Финалда біздің колледждің командасы мен Көлік колледжінің командасы кездесті. Қиын да тартысты ойында Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінің командасы жеңіске жетті.

ПР-1-22 тобының студенттері – Сегізбаев Ерұлан, Есеев Әділет, Ищенко Данил, Жупиков Максим және Тлеумбетов Әділді шеберліктері, командалық рухы және жеңіске деген жігерлері үшін құттықтаймыз! Сіздер керемет ойын көрсетіп, табандылық пен қайсарлықтың үлгісін болдыңыздар. Жеткен жетістіктеріңізбен шектелмей, жаңа белестерді бағындыруларыңызға тілектеспіз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған