20 қазанда “Южный” кітапхана-филиалының қызметкерлері Республика күніне арналған “Менің Қазақстан Республикам” Тарихи медиа-сабағын өткізді. Іс-шараға ЗУ-22 және МСХ-ПО-2-22 тобының студенттері қатысты.
Биылғы жылы Қазақстанда 13 жылда алғаш рет республика күні атап өтіледі-2009 жылы мереке жойылды, алайда осы жазда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күні мәртебесін қалпына келтіруді және жыл сайын 25 қазанды ұлттық мереке ретінде атап өтуді ұсынды. Кітапханашылар студенттерге бұл мерекенің біздің еліміз үшін қаншалықты маңызды екенін, неге дәл осы күнді 25 қазанда таңдағанын, Егемен Қазақстанның қалыптасу тарихын айтып берді. Іс-шараға қоғам қайраткері Орамбаева Кенжегүл Насамбайқызы қатысты. Ол жастарды жалпы ұлттық патриотизмді, Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға, бірлік пен тату көршілік құндылықтарын нығайтуға шақырды. Іс-шарада Батырхан Шөкеновтің “Отан ана” әні мен Қазақстанның құрылуы туралы аңыз айтылды. Шара соңында кітапханашылар”Мемлекеттіліктің қалыптасуы” атты кітап көрмесіне шолу жасады