16 қазанда “Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінде ” педагогтарды аттестаттау және портфолио құру технологиясы семинары өтті. Жаңа ережелерді енгізуге байланысты оқытушылар үшін семинарлар өткізу өзекті қажеттілікке айналуда. Директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Е. А. Малых және колледж әдіскері М.Сыздықова қатысушыларды бағалау парағына сәйкес педагог қызметкерлерді аттестаттаудың жаңа ережелерімен және портфолио құрылымымен таныстырды.