Таза сессия

“Саналы ұрпақ” жобасын іске асыру шеңберінде білім алушылар арасында колледжде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің көріну факторларын анықтауға бағытталған анонимді сауалнама жолымен сауалнама жүргізілді. Бұл сауалнаманың мақсаты сыбайлас жемқорлықтың болу факторларын анықтау болып табылады.
Колледжде “Таза сессия”акциясы бірінші жыл емес. Оның барысында білім алушылар мен оқытушыларға парақшалар таратылды, соның арқасында білім алушылар мен оқытушылар пара алу кезіндегі іс-қимыл жоспары, Сыбайлас жемқорлыққа жәрдемдесу кезіндегі жаза түрлері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша сенім телефондарының нөмірлері туралы ақпарат ала алды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған