13 қыркүйекте “Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжі” КМҚК базасында ТжКБ ұйымдары басшыларының ғылыми–әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарлары мен әдіскерлер, информатика және ақпараттық пәндер оқытушылары үшін “Білім беру іс-шараларын жобалау тетігі ретінде педагогикалық дизайн арқылы жасанды интеллект және цифрлық технологиялар” тақырыбында облыстық цифрлық форсайт өтті. Оның басты мақсаты: ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету және цифрлық кеңістікте инновациялық қызметті іске асыру арқылы білім беру процесінің тиімділігін арттыру.
А. К. Тайжанова – ТжКБ ұйымдары директорларының ҒӘЖ жөніндегі орынбасарлары мен әдіскерлерінің ОӘБ төрағасы, “Жітіқара политехникалық колледжі” КМҚК директорының орынбасары цифрлық технологиялардағы педагогтың жеке бренді туралы айтып берді. Саенко И. С. – информатика және ақпараттық пәндер оқытушыларының ОӘБ төрағасы, “Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжі” КМҚК директорының АТ жөніндегі орынбасары білім беру процесіне жасанды интеллект технологияларын енгізудің артықшылықтары мен перспективаларын сипаттады.
Колледж педагогтары жасанды интеллект технологияларымен жұмыс тәжірибесімен бөлісті, компьютерлерде Практикалық оқыту жүргізді.
Қызықты тақырыптармен “Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі” КМҚК арнайы пәндер оқытушылары Н.Т.Сұлтанова және И. В. Баяхметова; “Қостанай автомобиль көлігі колледжі” КМҚК арнайы пәндер оқытушысы А. А.Степанюк; “Қостанай ауыл шаруашылығы колледжі”КМҚК директорының ҒӘЖ жөніндегі орынбасары А.К.Сұлтанова;”Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжі” КМҚК директорының ОӘЖ жөніндегі орынбасары Малых Е.А.; “Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжі” КМҚК информатика пәндер оқытушысы Бодуговская Н.А., ақпараттық пәндер оқытушысы Нажиканов Т. О. бөлісті.
Іс-шараны өткізу барысында қатысушылар жаңа технологиялар және олардың мүмкіндіктері туралы білім алып, жасанды интеллект саласындағы жаңа идеялар мен тәсілдермен танысты.