2024 жылғы 28 қазанда Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінің базасында АИТВ туралы хабардарлықты арттыруға және кемсітушілікке қарсы күреске бағытталған маңызды семинар-тренинг өтті. Іс-шараны Қостанай облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының профилактикалық жұмыс бөлімінің педагогы Кадрон С. А. өткізді.
Тренингте қарастырылған негізгі тақырыптар:
🔹 АИТВ-инфекциясы: қатысушыларға инфекцияның берілу жолдары мен алдын алу принциптері туралы егжей-тегжейлі айтылды.
🔹 Стигма және кемсітушілік: АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды қолдау мен құрметтеудің маңыздылығын және жағымсыз стереотиптерді қалай жеңуге болатынын талқылады.
🔹 ҚР “Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” Кодексінің 161 — бабы-АИТВ жұқтырған адамдар үшін әлеуметтік және құқықтық қорғау талқылаудың басты тақырыптарының біріне айналды.
🔹 Тұзды есірткінің әсері: олармен байланысты қауіптерді талқылау арқылы есірткіні қолданудың жағымсыз әсерлеріне назар аударды.
Бұл кездесу АИТВ-мен ауыратын адамдарға деген білім мен құрмет сезімін қалыптастырудағы маңызды қадам болды, сонымен қатар біздің студенттер арасында алдын алу мәдениетін нығайтуға көмектесті!