Бүгін, 2024 жылғы 22 қазанда ТӨТ-КО-1-22 тобының студенттері үшін оқытушы Шегенова Ботагөз Болатқызы өткізген “банкет-шай” тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында студенттерге практикалық тапсырма ұсынылды-ұсынылған тапсырыс негізінде олар банкетке үстел дайындауы керек еді.
🍽️Әр студент ас құралдары мен қызмет көрсету элементтерін дұрыс орналастыру қабілетін көрсетті, сонымен қатар үстелдегі белгілі бір заттардың не үшін арналғанын түсіндірді. Сабақ студенттерге өздерінің кәсіби дағдыларын дамытып қана қоймай, теориялық білімдерін іс жүзінде бекітуге мүмкіндік берді.