Тез арада маңызды да, ұмтылмас жылдар өтті де кетті. Кешегі студенттер пайдалы да қажетті «Жерге орналастырушылық» мамандығына ие болғандықтарына өте қуанышты.
Мемлекеттік емтихандардың қорытындысымен байланысты толқу, алаңдаушылық артта қалды. Ал дипломдарды тапсыру күні түлектер қуанышты толқуды сезінеді, тек сол кезде ғана олар достарымен, колледжбен қоштасу кезі келгенін түсініп, өмірдің жаңа кезеңі басталғалы тұрғанын біледі.
2018 жылы 1 наурызда Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінде түлектерге дипломдарды тапсыру мерекесі өтті. Бұл көптен күткен ұмытылмас күні дипломды 23 студент алды. Дәстүр бойынша 2 жыл 6 ай бойы үздік оқып, өздерін белсенді түрде көрсете білген студенттерге, үздік оқушыларына арнайы үлгідегі «қызыл» дипломдарды директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жанарстанова Дина Булатовна тапсырды. Олар – Алатаева Кунсулу, Нелина Сабина, Усенов Сапарбек.
Көктемгі ауа райы, топ кураторының қоштасу сөзі, залдың, қонақтардың мерекелік көңіл-күйлері және түлектердің бұлбұлдай жарқыраған қуанышты жүздері – бұнын бәрі «Түлектермен қоштасу мерекесі», яғни дәстүрге айналған «2018 жылдың Жерге орналастырушылық мамандығы бойынша дипломдарды тапсыру мерекесіне» өз септігін тигізе білді.
«Жерге орналастырушылық» мамандығының студенттері еңбек нарығында сұранысқа ие. Біз өз әлеуметтік серіктестерімізбен тығыз ынтымақтастық қарым-қатынастамыз: «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық зерттеу Департамент бөлімшесінің тәуелсіз акционерлік қоғам Қостанай облысы бойынша «Азаматтардың Үкіметі мемлекеттік корпорациясы», «Архстройсервис» ЖШС, «Геобайтинфо» ЖШС.
Біздің түлектерді қорытынды аттестациясының төрайымы, мемлекеттік жер кадастры бөлімшесінің жетекші маманы Мурзабекова Майя Михайловна құттықтады.
Түлектердің көбісі үшін оқу жылдары кезінде өмірлерінің бір бөлшегіне айналып кеткен колледж қабырғасын тастап кету оңайға соқпайтыны анық. Ал студенттік қажырлы еңбектің нәтижесі – көптен күткен Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінің дипломы.
Қалыптасқан дәстүр бойынша жерге орналастырушылық – 15 тобының студенттері мен топ кураторы Зеркалий Ирина Александровна сәттілік пен табысқа деген үміттің белгісі ретінде әуе шарларын аспанға жіберді.
Сіздер өз алдағы өмірлерінде колледжден алған білімдерімен қоса, оның рухы мен дәстүрлерін, өмірге деген белсенді көз-қарастарыңды бірге ала жүретіндеріне сенімдіміз. Сол себепті бірге өткізген жылдарымыз бекер емес.
Шын жүректен сіздерге бақыт, жетістік, кәсіби мансапта табыс, шын биіктерден көріней беріңіздер. Біз сіздердің білімдеріңізге, күш-қуаттарыңызға, кәсіби шеберліктеріңізге сеніп, Қазақстан Республикасының дамуына өз үлестеріңізді қосатындарыңызға сенімдіміз.
Мереке аяқталады! Түлектер оқытушыларымен, достарымен қоштасып, келесі курстарға қалыптасқан дәстүрді беріп, кетіп барады. Сонымен қоштасу мәресіне де жеттік! Жолдарыңыз әрқашанда ашық болғай!