Біздің жаңа тарихымыздағы аса маңызды оқиғалардың бірі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін белгілеу болып табылады. 1992 жылғы 4 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны, Туы, Елтаңбасы және музыкалық редакциясы туралы Заңдарға қол қойылды. Биыл еліміздің мемлекеттік рәміздеріне 30 жыл толады. Бүгін біздің халқымыздың тарихи жолын, туған еліміздің тұрмысын, ұлтымыздың салт-дәстүрін бейнелейтін Әнұран мен Елтаңба, Көк туымыз бар. Мемлекеттік рәміздерді дәріптеудің басты мақсаты қазақстандық патриотизм идеясын ілгерілету, еліміздің әлеуметтік-экономикалық жетістіктері үшін азаматтардың мақтаныш сезімін қалыптастыру және өскелең ұрпақтың Тәуелсіздік рәміздеріне деген құрметін тәрбиелеу болып табылады.