2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінің Мобилді оқыту орталығы даярлық курсын Ұзынкөл ауданында жалғастыруда. Жангелдин, Амангелді, Қостанай аудандарынан 40 тыңдаушы курс өтті. Қараша айында тағы 40 курс тыңдаушылары куәлік алады. Алда курсты Әулиекөл ауданы өтеді. 2017 жылдың жарты жылдығында 110 тыңдаушы куәлік алады.
Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы арқасында, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау және ұйымдастыру үшін Қостанай индустралды-педагогикалық колледж базасында екі модулді қысқа мерзімді кәсіби оқыту мобильді кешені құрылған. Модуль оқу асханасына қажетті барлық заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған.
Зертханада “аспаз”, “кондитер”, “наубайшы” мамандықтар бойынша өндірістік оқыту сабақтары өтеді. Екінші модульде ауыл шаруашылық өндірісіндегі тракторшы-машинисі, дәнекерлеуші мамандықтарын дайындау бойынша өндірістік шеберхана жабдықталған. Бұл жерде оқу, пісіру аппараты, тренажер тракторы, комбайн орналасқан. Зертхана бір уақытта бес адам оқыта алады. Оқу орталығының техникалық сипаттамалары жыл бойы сабақ жүргізуге мүмкіндік береді. 2017 жылдың тек төрт айында кешен 110 адам қабылдайды, олардың әрқайсысы кейін біліктілік емтиханын тапсырып кәсіптік білім туралы куәлік алады. Ол куәлікпен жұмысқа тұруға құқылы. Мобильді оқыту кешенінің артықшылықтарын бірінші болып Жангелдин ауданы тұрғындары көрді, одан кейін Амангелді, Қостанай, Ұзынкөл және Әулиекөл аудандары, алда барлық басқа облыс аудандарыда көреді, себебі оқыту бағдарламасы 2017-2021 жылдарға арналып есептелген. “Мобильді оқу орталығы ” атына сай жүріп тұруға оңтайлы, модульдер бір-бірінен бөлек, сол себепті бір мезгілде екі ауданда мамандарды оқытуға болады.
Барлық үшін ыңғайлы және тиімді. Бір жағынан облыс тұрғындары өз үйінің қасында мамандық ала алады, екінші жағынан мемлекет қысқа мерзімде жақсы дайындалған жұмысшы кадрлар алады және үшінші тарапынан өндірістік оқытудың оқытушылары мен шеберлері болашақ мамандарға жаңа технологияларды меңгеріп өзінің бай тәжірибесін беруге мүмкіндіктері бар.