«Нұржан Наушабаевтың мұрасы» виртуалды экскурсия іс-шараның ақпараты

  2021 жылы  сәуірдің 1 күні «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар аясында, Қостанай индустриалды педагогикалық колледжі кітапханашылары «Дорожный» кітапхана-филиалы кітапханашыларымен бірге Қостанай индустриалды педагогикалық колледж студенттеріне арналған  «Нұржан Наушабаевтың мұрасы» виртуалды экскурсияны өткізді. Кітапханашы Нұржан Наушабаұлының өмірбаяны, шығармашылығы, қалдырған мұрасы туралы баяндап берді. Бейнебаян арқасында студеннтер Нұржан Наушабайұлының мұражайына виртуалды экскурсия жасады.

Көрнекті қазақ қайраткері, ағартушыНұржан Наушабайұлықазақ әдебиетіне өшпестей із қалдырған тұлға, қазақ халқының ұлттық мүддесін қорғау жолында атқарған қызметінің бүгінгі таңдағы еліміздің азаматтары үшін өнегелік маңызы зор. Нұржан ақынның көзі тірісінде жарық көрген кітабы үшеу: «Манзұмат қазақия» (Қазан, 1903 жыл), «Жұмбақ. Нұржан мен Сапарғалидың жұмбақ айтысы» (1908 жыл) және «Алаш» (1910 жыл). Нұржан Наушабаев 1917 жылға қарай Алаш автономиясын құрған тәуелсіздік пен бостандыққа қол жеткізуге ұмтылған зиялы қауымға жататын. Қазақ зиялыларының рөлінің маңызды құрамдас бөлігі әдебиет арқылы жүзеге асырылған халықтың өзіндік сана-сезімін ояту болды.

Студенттер ақынның өлендерін, әндерің тамашалаған.

Іс-шараға МСХ-ПО-20 және СВ-ПО-20 топтары қатысты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған