Ақпараттық технологиялар оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмысы аясында 2022 жылғы 10 қазанда Қостанай облысы ТжКБ оқытушылары арасында жыл сайынғы “ІТ-оқытушы-2022″ конкурсы өтті. Конкурсты ұйымдастырушылар: ТжКБ әдістемелік кабинеті және Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжі. Байқаудың мақсаты: оқытушылардың кәсіби өсуін ынталандыру және цифрлық оқыту саласында озық педагогикалық тәжірибені тарату. Оқытушылар екі тапсырманы орындады: АК-технологияларды пайдалана отырып, еркін тақырып бойынша сабақ кезеңін өткізу және білім беру қызметінде цифрлық технологияларды қолдану бойынша мастер-класс өткізу. Конкурс қорытындысы:
Гран-При – Мухамедрахимов Есильбай Барлыбаевич,”Қостанай құрылыс колледжі” КМҚК оқытушысы;
1 орын – Костомарова Александра Андреевна, «Рудный политехникалық колледжі» КМҚК оқытушысы;
2 орын – Юркевич Татьяна Андреевна, «Костанай педагогикалық колледж» КМҚК оқытушысы;
3 орын – Кияшко Анастасия Робертовна, «Жітіқара политехникалық колледжі» КМҚК оқытушысы;
3 орын – Шаевко Алёна Владиславовна, «Костанай автокөлік транспорты колледжі» КМҚК оқытушысы.
Байқауға қатысушылар кәсіби шеберліктің жоғары деңгейін, шығармашылық әлеуетін, білім беру қызметінде цифрлық технологияларды тиімді пайдалануды көрсетті.