13 желтоқсанында Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара өтті!
Іс-шараның мақсаты – Отанға деген патриоттық сезімді, азаматтық борыш сезімін, болашақ алдындағы жауапкершілікті қалыптастыру. Әр адамның тарих алдында жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
Іс-шараға 20-дан астам бірінші курс студенттері қатысты. Іс-шара 5 блоктарға бөлінді, ол үшін біз Отанымыздың басты қадір-қасиетін алдық:Тәуелсіздік, Қазақстан жері, көпұлтты, салт-дәстүр, Спорт.Осы салтанатты іс-шарада жүргізушілер екі тілде сөз сөйледі, өлеңдер мен әндер айтылды, би нөмірлері көрсетілді.
Бұл Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған ірі, айтулы іс-шара болды. Балалар ерекше көрсеткендей: қай тілде сөйлессе де Қазақстан- олардың ортақ үйі. Бұл туралы ұмытпау керек. Балаларға ел халықтарының тілдері мен мәдениетіне деген құрметін ояту үлкен ынтамен тырысу тиіс. Бұл жайттарды колледж педагогикалық ұжымы іске асыруда.
Жоғарыда аталған іс-шаралар білім алушылардың бойында отансүйгіштікті тәрбиелеуге, мемлекетке құрметпен қарауды дамытуға, халықтың салт-дәстүрлеріне оң көзқарасты қалыптастыруға, Отан тағдырына қатыстылық сезімін дамытуға ықпал етті.