“Болашаққа ұмтылған Республика”

20 қазанда Республика күніне орай Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінің кітапханасында “Болашаққа ұмтылған Республика”көрмесі ұйымдастырылды. Оқырмандардың назарына егеменді мемлекеттің қалыптасуы, айтулы оқиғалар туралы баяндайтын мерзімді баспасөзден кітаптар мен мақалалар ұсынылды. Оқырмандар 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы декларациясының мәтінімен таныса алады. Көрме жыл соңына дейін жұмыс істейді және мезгіл-мезгіл материалдармен толықтырылады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған