Кітапхана квилті

“Оқу колледжі” тұжырымдамасы аясында Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінің кітапханашылары “Сіздің мамандығыңыз туралы көркем әдебиет”кітапхана квилтін дайындады.

Кітапхана квилтінің мақсаты студенттерді өздері таңдаған мамандығы туралы ең танымал көркем кітаптарды оқуға, басқа оқырмандармен тәжірибе алмасуға қызықтыру болды.

Бір ай ішінде кітапханашылардың өтініші бойынша студенттер мамандықтар туралы оқылған кітаптардың аттарын стикерлерге жазып, авторы, кітаптар туралы пікірлерін көрсетті. Сонымен, бұл қызықты ақпарат пен ұсыныстары бар түрлі-түсті стенд болды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған