“Колледждердің желілік өзара іс-қимылы кәсіптік білім беруді дамытудың тиімді факторы ретінде” облыстық дөңгелек үстелі

25 қаңтарда Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінде “Серік алаңы” желілік оқыту жобасы аясында облыстық дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған іс-шараның мақсаты: “Серік алаңы” жобасын іске асыру шеңберінде өзара тиімді әлеуметтік әріптестік құру бойынша өзекті мәселелерді талқылау.

Дөңгелек үстелге қатысушылар-облыстың 19 колледжінің басшылары, басшылардың орынбасарлары және педагогтары қатысты. Іс-шара барысында барлығы белсенді қатысты, өз баяндамаларын ұсынды, түрлі мәселелер бойынша сұрақтар қойды, талқыланды. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша “Серік алаңы”желілік өзара оқыту жобасын одан әрі іске асыру бойынша ұсыныстар енгізілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған