Библио-кросс “Кітаптарды бірге оқу…”

“Оқу колледжі” жобасы аясында 19 сәуір күні колледж кітапханашылары СР-22 тобымен “бірге кітап оқимыз” атты библиокросс өткізді.

Мақсаты: жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу, өскелең ұрпақты Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығымен таныстыру. Кітапханашы О. В. Гребенщикова студенттерді жазушы Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығымен таныстырып, әскери қайраткердің, ержүрек қолбасшының, Кеңес Одағының Батырының ерлиги  мен шығармашылығы туралы айтып берді. Топ студенттері әскери, ғалым, жазушының шығармашылығын зерттеу қазіргі кезеңде өзекті екенін атап өтті. Кітапханашы Әбілева А. С. қолда бар әдебиеттерге шолу жасады. Студенттерге Александр Бектің “Волоколамск тас жолы” әңгімесі ұсынылды, онда Мәскеуді қорғау кезінде аға лейтенант Бауыржан Момышұлының әскери ерлиги мәңгі есте  қалды. Сондай-ақ, көрмеде Б.Момышұлының “біздің артымызда Мәскеу”, “Біздің отбасымыз”шығармалары ұсынылды.

Кітапханашылар студенттерге ұсынылған кітаптарды оқуды, кітапханаға жиі келуды, тұрақты оқырман болуды ұсынды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған