Буккроссинг

Колледж кітапханасында «Кітап достарын іздейді» атты буккроссинг акциясы жалғасуда.

“Буккросинг (bookcrossing) – әлемді үлкен кітапханаға айналдыратын қозғалыс.

Акцияның мақсаты – оқырмандар арасында кітап алмасуды ұйымдастыру. Құрметті оқытушылар, студенттер, колледж қызметкерлері! Кез келген кітапты «bookcrossing аймағы» белгісімен сөреден алып, оқи, өзіңізге қалдыра немесе достарыңызға бере аласыз. Оның орнына сіз басқа адамдарға оқуға бергіңіз келетін кез келген кітапты үй кітапханасынан қоюға болады. «Өзің оқып болып – басқаға бер» жобасының қағидаты. Көп жағдайда бұрыннан оқылған кітаптар «зерігіп», кітапханалардың үй сөрелерінде сарғайып жатады… Егер сізде осындай кітаптар болса, онда кітапты еркіне жібере отырып, сіз оларға екінші өмір сыйлайсыз. Акцияға қосылыңдар!!!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған