«Зорлықсыз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқанының іс-шаралар жоспарына сәйкес колледжіміздің психологиялық қызметі 1 курс студенттері арасында «Зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында тренинг өткізілді. Мақсаты: қоғамдағы құқыққа қарсы мінез-құлық мәселелері бойынша алдын алу және түсіндіру жұмыстарын жүргізу; «зорлық», «агрессия», «қатыгездік» ұғымдарын, олардың пайда болу себептерін және оларды жеңу жолдарын нақтылау; өзін-өзі бақылауға үйрету, мінез-құлқын бақылау; жағымды моральдық және күшті ерік мінезді қасиеттерді тәрбиелеу.