Жыл сайын 1 желтоқсанда колледжде “Біз СПИД – ке қарсымыз” атты акция өтеді.
Акцияның мақсаты білім алушылардың осы мәселеге назарын аудару, білім алушылардың осы ауру бойынша білім деңгейін күшейту, эпидемияға қарсы іс-қимылдағы күш-жігерін жандандыру болып табылады.
Білім алушыларға АИТВ жұқтыру қаупінің шындығы туралы ақпарат беру, АИТВ-инфекциясы проблемасына назар аудару және өздерінің АИТВ-статусын білу қаншалықты маңызды екендігі туралы айту, сондай-ақ АИТВ-оң мәртебесі бар адамдарды кез келген кемсітуді болдырмау өте маңызды екендігін жеткізу.