Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған іс-шара 14.12 күні ТПП-ПО-1-23 және ТПП-ПО-Т-23 топтары мен профессор, философия ғылымдарының кандидаты, философия, тарих, мәдениет, дін туралы кітаптар мен оқу құралдарының, ғылыми және газет басылымдарының авторы Бондаренко Юрий Яковлевичтің қатысуымен танымдық кездесу өтті. Кездесу мақсаты- Тәуелсіздік туралы мәлімет беру, сол жолдағы қиыншылықтармен-жетістіктермен танысу, елін,өз ана тілін сүюге баулу. Кездесу барысында Қазақстанның Тәуелсіздігін алғаннан бастап еліміздің, қаламыздың жетістіктері туралы баяндалды.