Әкімшілік

Директор – Жаркенов Аскар Каримбаевич

Қазақстан Республикасының заңнамасына және білім беру ұйымының жарғысына сәйкес оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, әкімшілік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметке басшылық етеді. Оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын, оқу процестерінің кестелерін, ішкі тәртіп ережелерін бекітеді. Басқарма құрылымын, штат кестесін, білім беру ұйымы қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді. Білім алушылар контингентін қалыптастырады, олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді.

 

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары –Кулесова Кымысбике Кабдулаевна

Қазақстан Республикасының заңнамасына, білім беру ұйымының жарғысына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес білім беру ұйымының қызметін ұйымдастырады. Оқу процесін ұйымдастыруды, оқу жұмысын ұйымдастыру бойынша жоспарларды әзірлеуді жүзеге асырады. Білім беру ұйымының жұмысын ағымдағы және стратегиялық жоспарлауды ұйымдастырады, оқытушылардың оқу жоспарларын, білім беру, үлгілік оқу бағдарламаларын орындау жөніндегі жұмысын үйлестіреді, сондай-ақ оқу процесінің сапасын қамтамасыз ету үшін қажетті оқу-әдістемелік құжаттаманы әзірлеуді ұйымдастырады, оны ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін қамтамасыз етеді. Оқу процесінің сапасын, оқу жоспары мен бағдарламаларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Мкртчян Нарине Сейрановна

Білім беру ұйымдарында тәрбие процесін ұйымдастыруды жүзеге асырады. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша жоспарлар мен іс-шараларды әзірлеуді, кәсіптік бағдарлау жұмысын ағымдағы және стратегиялық жоспарлауды қамтамасыз етеді, олардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады. Тәрбие процесі мәселелері бойынша әлеуметтік педагог, психолог, топ жетекшілерінің, тәрбиешілердің, кітапханашылардың, өндірістік оқыту шеберлерінің және оқытушылардың қызметін үйлестіреді. Тәрбие жұмысына талдау жүргізеді.

 

Директордың ақпараттық технологиялары жөніндегі орынбасары – Саенко Ирина Сергеевна

Білім беру ұйымын ақпараттандыру процесін іске асыруды, оны ресурстық қамтамасыз етуді, білім беру және басқару қызметінде ақпараттық және коммуникациялық технологиялар құралдарын пайдалануды ұйымдастырады. Оқу процесінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды енгізеді және қолданады.  Ақпараттық технологияларды пайдалану мәселелері бойынша педагогикалық және басқарушы кадрларды оқытуды ұйымдастырады.  Оқу-материалдық базаны қамтамасыз ету, сақтау және толықтыру, қызмет көрсету, жөндеу және оны есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.

 

Директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары – Малых Елена Аркадьевна

Колледждің оқу-әдістемелік жұмысына жетекшілік етеді. Колледждің оқу-әдістемелік жұмысын ұйымдастырады және жоспарлайды.  Колледждің оқу-әдістемелік жұмысы бойынша есепті құжаттаманы дайындау бойынша пәндік (циклдік) әдістемелік комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру, әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу бойынша мәселелерді үйлестіреді.    Педагог қызметкерлерге авторлық бағдарламаларды, оқулықтарды, оқу-әдістемелік әдебиеттерді әзірлеуге жәрдемдеседі, облыстық білім басқармасының әдістемелік кабинетімен, баспалармен оқу-әдістемелік жұмысы бойынша жинақтар, ұсынымдар және басқа да Жарияланымдар дайындау бойынша жұмысты ұйымдастырады. Оқу және тәрбие процестерін жетілдіруді, оқытудың жаңа технологияларын әзірлеуді және енгізуді қамтамасыз етеді, педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру және аттестаттау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.


Директордың шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары – Каленюк Григорий Григорьевич

Колледждің шаруашылық қызметін басқарады колледжді материалдық құндылықтармен: мүлікпен, жиһазбен, мүкәммалмен қамтамасыз етеді. Қызметкерлерді тұрмыстық заттармен қамтамасыз етеді. Колледждің оқу жылының басына уақтылы дайындалуын қамтамасыз етеді.  Колледждің шаруашылық дербестігін кеңейту, қажетті шарттарды уақтылы жасасу жөнінде шаралар қабылдайды. Оқу кабинеттерін, шеберханаларды, тұрмыстық, шаруашылық және т.б. үй-жайларды тіршілік қауіпсіздігі ережелері мен нормаларының талаптарына, еңбек қауіпсіздігі стандарттарына сәйкес келетін жабдықтармен және мүкәммалмен қамтамасыз етеді.

Бөлімдердің меңгерушілері

Мухаметкалиева Анара Турехановна –

технико-педагогикалық бөлім кәсіптік-техникалық бөлім

 

 

 

 

 

Нугманова Мейрамкуль Кожабергеновна кәсіптік-техникалық бөлім

Бөлімде оқу және тәрбие жұмысын ұйымдастыруды және тікелей басқаруды жүзеге асырады. Оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз етеді. Оқу сабақтарының кестесін жасау үшін материалдар дайындауды ұйымдастырады және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Оқу пәндерін оқыту сапасын қамтамасыз етеді және бақылайды. Педагогикалық (әдістемелік) кеңесте қарау үшін материалдар дайындауды қамтамасыз етеді. Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізуге қатысады, білім алушылар контингентін сақтау бойынша шаралар қабылдайды. Жаңа оқу жылына, семестрдің басталуына, емтихан сессиясына дайындық жұмыстарын ұйымдастырады. Оқытушылардың есептілікті уақтылы жасауын, қолданыстағы нормаларға сәйкес құжаттаманы жүргізуді қамтамасыз етеді. Оқу-материалдық базаны дамыту мен нығайтуды, жабдықтар мен Мүкәммалдың сақталуын, санитарлық-гигиеналық талаптардың, еңбекті қорғау қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған