Оқу асханасы

Бағасы төмен асхана

Оқу асханасы Қостанай индустриалды – педагогикалық колледжінің жанынан 200 орындық студенттік асхана базасында ұйымдастырылған.

Тамақтану контингенті-колледж студенттері.

Оқу асханасы оқытуды өндірістік еңбекпен ұштастыруды қамтамасыз ететін “тамақ өнімдерін өндіру технологиясы және ұйымдастыру” бөлімінің студенттерін өндірістік оқыту орталығы болып табылады. Оқу асханасының артықшылығы-арзан түскі ас, көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан студенттерге, жетім балаларға тегін тамақ ұйымдастыру.

Оқу асханасы студенттерді өндірістік оқытуды және олардың оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес жұмысшы мамандықтарын алуын қамтамасыз етеді.

Студенттер оқу асханасында өндірістік практикадан өтеді, жеке тапсырмаларды орындау кезінде шығармашылық қабілеттерін қалыптастырады, аспаздық және кондитерлік өнімдерге жаңа технологияларды әзірлейді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған