28 мамырда колледж әкімшілігінің қатысуымен “Педагогика және психология” ЦК отырысы өтті.
Тақырыбы: 2023-2024 оқу жылындағы оқытушылардың шығармашылық жұмысы туралы есеп
Мақсаты: 2023-2024 оқу жылындағы өзінің педагогикалық қызметінің рефлексиясы. Отырыс дәстүрлі емес түрде өтті. Шығармашылық пен жасампаздық толқынына бейімделу үшін “Бақыт құмырасы” жаттығуы өткізілді.
Жұмысты талдау кезінде “Жетістіктер ағашында” жұмыс нәтижелерін көрсете отырып, “Мен жетістікке жеттім”жаттығуы қолданылды. Әрі қарай “Қиын болды” тапсырмасы ұсынылып, қорытындылау үшін “Біз үздікпіз”жаттығуы өткізілді. Отырыс жоғары эмоционалды деңгейде өтті, жұмыс нәтижелері бойынша келесі оқу жылына жұмысты жоспарлауды жақсарту бойынша ұсыныстар енгізілді.