3 маусымда “Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжі” КМҚК базасында ақпараттық пәндер оқытушыларының ӘБ шеңберінде “Білім беру процесіне цифрлық технологияларды интеграциялау: тәжірибе және перспективалар” тақырыбында облыстық идеялар калейдоскопы өтті. Барлығы 28 ақпараттық пән оқытушылары қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты: білім беру үдерісін ұйымдастыру бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру. Негізгі міндеттері: цифрлық технологияларды қолданудың педагогикалық тәжірибесін зерделеу және цифрлық технологиялардың білім беру процесіне интеграциялануын көрсету. Педагогтер жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, білім беру процесінде цифрлық технологияларды қолдану бойынша шебер кластар өткізді.
Танымдық тақырыптармен сөз сөйледі:
- “М. А. Горький атындағы Гимназия” КММ информатика пәнінің оқытушысы-Саканов Серік Мұратұлы “Оқу процесінде білім беруді модельдеуді қолдану”тақырыбымен;
- “Қостанай құрылыс колледжі” КМҚК арнайы пәндер оқытушысы-Гребцов Павел Николаевич “Білім беру процесінде ақыл-ой карталарын қолдану”тақырыбымен;
- А. Байтұрсынов атындағы ҚӨУ Ақпараттық жүйелер кафедрасының аға оқытушысы-Бегалин Әлібек Шәкіржанұлы “Заманауи цифрлық технологиялардың көмегімен бейне дәрістер әзірлеу”тақырыбымен;
- “Қостанай политехникалық жоғары колледжі” КМҚК арнайы пәндер оқытушысы-Ибатова Айгүл Қуанышбайқызы “Танымдық қызметті жандандыру үшін оқытуда белсенді әдістерді қолдану”тақырыбымен;
- “Қостанай Жоғары педагогикалық колледжі” КМҚК математика және ақпараттық технологиялар кафедрасының меңгерушісі-Төлепова Данара Жылгелдынқызы “Оқу-практикалық қызметті ұйымдастыру кезінде цифрлық сервистерді қолдану”тақырыбымен;
- “Қостанай индустриалды – педагогикалық колледжі” КМҚК ақпараттық пәндер оқытушылары-Ляпин Константин Сергеевич және Абдулина Гүлнара Бибиталиевна оқу процесінде 1С бағдарламалауды қолдану тәжірибесімен бөлісті.
Қатысушылар әріптестерінің жұмыс тәжірибесін жоғары бағалады, оны болашақта өздерінің кәсіби қызметінде пайдаланатын болатыны туралы айтып өтті.