КМККП «Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжі» педагогтердің бос лауазымдарын толықтыру бойынша конкурс жариялайды:

КМККП «Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжі»
педагогтердің бос лауазымдарын толықтыру бойынша конкурс жариялайды:

  • педагог-психолог

Ескерту: Конкурсқа қатысу үшін барлық қажетті құжаттарды қабылдау және конкурс өткізу Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығына сәйкес «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын және педагогтерді лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» қатаң тәртіпте жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдау НОБД жүйесінің nobd.edu.kz «Педагогтарды жұмысқа қабылдау» модулі арқылы жүзеге асырылады.
Телефон: 8-714-2-55-81-55
Құжаттар 2025 жылғы 11 қарашадан 19 қарашаға дейін 7 жұмыс күні ішінде қабылданады.

Толық ақпаратты колледж сайтынан біле аласыздар.


Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген мерзімде келесі құжаттарды электронды немесе қағаз түрінде тапсырады:

  1. осы Қағидалардың қосымша 10-ына сәйкес нысан бойынша құжаттар тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш;

  2. тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

  3. кадр есебі бойынша толтырылған жеке парақ (тұрғылықты мекенжайы және байланыс телефондары көрсетілген – болған жағдайда);

  4. педагогтерге арналған Типтік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмелері;

  5. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

  6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысандағы денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 тіркелген);

  7. психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

  8. наркологиялық ұйымнан анықтама;

  9. Ұлттық біліктілік тестілеуінің (ҰБТ) сертификаты немесе педагог-модератор, педагог-эксперт, педагог-зерттеуші, педагог-шебер біліктілік санатының барын растайтын құжат (болған жағдайда);

  10. осы Қағидалардың қосымша 11-іне сәйкес вакантты немесе уақытша вакантты педагог лауазымына кандидаттың Бағалау парағы.

Кандидат болған жағдайда өзінің білімі, жұмыс өтілі, кәсіби деңгейі туралы қосымша ақпараттарды (біліктілікті арттыру туралы құжаттар көшірмелері, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары, алдыңғы жұмыс орнынан берілген ұсынымдар) ұсына алады.

Осы Қағидалардың 107-тармағында көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтаруға негіз болып табылады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған