КГКП «Қостанай индустриялық-педагогикалық колледжі» педагогтердің ваканттық лауазымдарына конкурс жариялайды: педагог-психолог

Ескерту: Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды қабылдау және конкурсты өткізу Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бұйрығы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын және педагогтерді лауазымдарға тағайындау, лауазымдардан босату қағидаларын бекіту туралы» бірлескен бұйрығына толық сәйкес жүзеге асырылады.

Конкурсқа құжаттарды қабылдау НОБД nobd.edu.kz жүйесінің «Педагогтерді жұмысқа қабылдау» модулі арқылы жүргізіледі.

Байланыс телефоны: 8-714-2-55-81-55

Құжаттар 2025 жылғы 10 желтоқсаннан 22 желтоқсанға дейін 7 жұмыс күні ішінде қабылданады.

Толық ақпаратты колледждің ресми сайтынан біле аласыз.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімі ішінде төмендегі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде тапсырады:

  1. осы Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес құжаттар тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш;

  2. жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

  3. толтырылған жеке кадр парағы (тұрғылықты мекенжайы және байланыс телефондары көрсетілген – болған жағдайда);

  4. педагогтерге арналған Типтік біліктілік сипаттамаларына сәйкес лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сай білім беру туралы құжаттардың көшірмелері;

  5. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

  6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген денсаулық жағдайы туралы анықтама (№ 21579 тіркеу нөмірімен ҚР нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне енгізілген);

  7. психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

  8. наркологиялық ұйымнан анықтама;

  9. Ұлттық біліктілік тестілеуінің (ҰБТ) сертификаты немесе педагог-модератор, педагог-эксперт, педагог-зерттеуші, педагог-шебер біліктілік санатының куәлігі (болған жағдайда);

  10. осы Қағидалардың 11-қосымшасына сәйкес ваканттық немесе уақытша ваканттық педагог лауазымына үміткердің толтырылған Бағалау парағы.

Үміткер өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілікті арттыру туралы құжаттар, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары, алдыңғы жұмыс орнынан берілген ұсыныстар) болған жағдайда ұсына алады.

Осы Қағидалардың 107-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды үміткерге қайтаруға негіз болып табылады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған