КМҚК «Қостанай индустриялық-педагогикалық колледжі» педагог қызметкерлерінің бос лауазымдарын иеленуге конкурс жариялайды

КМҚК «Қостанай индустриялық-педагогикалық колледжі» педагог қызметкерлерінің бос лауазымдарын иеленуге конкурс жариялайды:

  • дене шынықтыру және еңбек жөніндегі нұсқаушы

  • оқу ісі жөніндегі меңгеруші

Ескерту: Конкурсқа қатысу үшін қажетті барлық құжаттарды қабылдау және конкурсты өткізу Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын және педагогтерін лауазымдарға тағайындау және лауазымдардан босату қағидаларын бекіту туралы» бірлескен бұйрығына қатаң сәйкестікте жүзеге асырылады.

Конкурсқа құжаттар НОБД жүйесінің «Педагогтерді жұмысқа қабылдау» модулі арқылы қабылданады: nobd.edu.kz

Байланыс телефоны: 8-714-2-55-81-55

Құжаттар 2026 жылғы 05 қаңтардан 14 қаңтарға дейін (7 жұмыс күні) қабылданады.

Толық ақпаратты колледждің ресми сайтынан ала аласыздар.


Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде төмендегі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде ұсынады:

  1. осы Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш;

  2. жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін);

  3. нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары (бар болған жағдайда) көрсетілген кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақ;

  4. педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмелері;

  5. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болған жағдайда);

  6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);

  7. психоневрологиялық ұйымнан алынған анықтама;

  8. наркологиялық ұйымнан алынған анықтама;

  9. Ұлттық біліктілік тестілеуінің сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шебер біліктілік санатының бар екенін растайтын куәлік (бар болған жағдайда);

  10. осы Қағидалардың 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына үміткердің бағалау парағы.

Үміткер бар болған жағдайда өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілікті арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттар, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары, бұрынғы жұмыс орны басшылығының ұсынымдары) ұсынады.

Осы Қағидалардың 107-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы үміткердің құжаттарын кері қайтаруға негіз болып табылады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған