Естественно-математикалық ғылымдар ЦК онкүндігі аясында және кәсіби бағдар беру мақсатында оқытушы Набиркина Т.В. мен ФК-24 тобының студенттері «Ұлттық спорт – ұлттың қазынасы» атты сыныптан тыс іс-шара өткізді. Ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасындағы ұлттық спорт түрлерін таныстырды, ал бірінші курс студенттері таңдаған елдерінің ұлттық спортын көрсетіп, сол елдегі спорттың даму ерекшеліктері туралы баяндады. Шақырылған мектеп оқушылары сарапшы қазылар алқасының рөлін атқарып, номинацияларды бөліп отырды. Іс-шара достық атмосферада өтті. Грамоталар мен кубоктар табысталғаннан кейін фотосессия ұйымдастырылды.








