5 желтоқсан күні Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжі және Қостанай облысы кәсіпкерлер Палатасы серіктестігі шеңберінде, мектеп түлектеріне арналған ашық есік күні өткізілген болды.
Колледж қонақтары Қостанай облысы Алтынсарин ауданындағы Үлкен Чураковка мектебінің оқушылары болды.
Түлектер оқытылатын мамандықтар жайында ақпаратты оқитын студенттермен сөз айрысу арқылы алып, танысқан. Олар «Дене тәрбиесі», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру», «Жерге орналастырушылық», «Әлеуметтік жұмыс», «Кәсіптік оқыту» мамандықтары жайында ақпарат алған.
Келген балалар үшін колледж бойынша аралау-экскурсиясы ұйымдастырылған болды. ЖО-16 тобының басшысы, колледж студенттерінің белсенділері өкілі – Исмагамбетова Индира колледж бойынша аралауды жетекшілік етті. Келген балалар сабақтарды аралап, колледж студенттерімен сөз алмасу арқылы қажетті ақпаратты тікелей ауыздан алғаны сөзсіз.
Қонақтар спорт залды, жаттықтыру залын, кітапхананы, компьютер бөлмесін, шеберханаларды, жатақхананы, асхананы, спорт алаңын аралып қарады.
Колледж мұражайында – колледж қалыптасу тарихын, жетістіктерін, түлектері мен мамандықтары жөнінде естіген болды. Олар шеберханаларда және лабораторияларда «Кәсіптік оқыту» мамандығымен жақын танысқан болды, бұлар жайында өндірістік оқыту шеберлері Баймогометов А.М., Гончаренко Д.В. айтты.