11 қаңтар күні «Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжі» педагогикалық ұжымы үшін «Эмоциялық күйді өз бетімен реттеу тәсілдері» атты семинар-тренинг өткізілді.
Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Аханова А.М. қатысқандарды өткізілетін семинар-тренинг тақырыбымен және мақсатымен таныстырды. «Қостанай облысы психологтары ассоциацисы» ҚҚ жетекшісі Калюжная Ю.А. және психолог Топорова Е.В. шақырылған қонақтарды таныстырды.
Елена Вячеславовна кураторлармен және өндірістік оқыту шеберлерімен, туындаған шиеленістер барысында күйзелісті жоятын тәртіп алгоритмін қолдану жолдарын көрсеткен. Семинар барысында келесі жайттар қарастырылды:
– Өзін реттеуге тәрбиелеу.
– Өзін бақылауға тәрбиелеу.
– Сабырлық сақтауға тәрбиелеу, эмоционалдық қысымды жою.