Қазақтың ұлттық мейрамдарының ішінде Наурыз мерекесінің мән- мағынасы зор.Ұлттық мейрамның үлкен- кішіге берер тағлымы мол. Күн мен түн теңескенде «хан» деп, «қара» деп, адамдар арасындағы бөлінушілікке жол берілмейді. Наурыздың сәні- Наурыз көже, қазақтың салт- дәстүрін, ырымдарын, әдет- ғұрыптарын паш ету, дәріптеу.Сондай- ақ, адамдар да бір- бірімен құшақ түйістіріп, артық кеткен жерлері болса, кешірім сұрап, жан және тән тазалығына мейлінше мән береді. Бүгінде Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдері бұл мерекені тойлайды. Әрбір қазақстандық ғасырлар қойнауынан жеткен бұл мейрамның өткізілуі салт-дәстүрін, әдет-ғұрыпын білу қажет. Сол себептен, Индустриалды – педагогикалық колледжінде түрлі іс- шара ұйымдастырылып жоғарғы деңгейде өткізілді:
- «Наурыз-ұлыстың ұлы күні»- кітап көрмесі;
- Студенттер арасындағы Президенттік көпкүрес Наурыз мерекесіне орай;
- «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні»- сахналық көрініс;
- «Наурыз мейрамы-мыңжылдық мереке» атты жәрмеңке;
- «Қош келдің Наурыз!» – мерекелік іс-шара
- «Ата дәстүрі – асыл қазына»- ұлттық ойындар бойынша сайыстар.
Бұл іс – шараларға колледж білім алушылары қатысты. Ұйымдастырушылардың мақсаты:қазақ халқының ұлы мерекесін тойлау, білім алушылардың патриоттық сезімдерін ояту. Қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт-дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Бүкіл тіршілік аталуының түрленіп, жаңаруын және қазақтың салт-дәстүрлері мен ырым-тыйымдары паш ету болды.