Шеберханалар мен зертханалар

Жаңа құрылғылар

Колледждегі жетістікті оқу әрекетті іске асыру үшін,

6 шеберхана бар:

  • Слесарлық,
  • Балташы,
  • Дәнекерлеу,
  • Токарлық,
  • Ұсталық,
  • Техниканы жөндеу бойынша

8 лаборатория бар:

  • Химия,
  • Электротехника,
  • Сүт технологиясы,
  • Информатика,
  • Объектілі-бағытталған бағдарламалау негіздері,
  • Тамақ дайындау технологиялары,
  • Тракторлар және автомобильдер құрылымы,
  • Тігу

Шеберханалар және лабораториялар заманауи құрылғылармен, станоктармен, жаттықтырушылармен жабдықталған. Слесарлық шеберханаларда, студенттердің практикалық дағдыларын жаттықтыру үшін станоктар орнатылған: ағаш өңдеу, бұрғылау, өткірлеу. Ұсталық шеберханасында: механикалық балта, өткірлеу және басып тегістеу. Балташы шеберханасында станоктар бар: ағаш өңдеуші, бұрғылайтын, фрезерлік, фуговалды, Ц-6, КСМ. Дәнекерлеу шеберханаларында: он дәнекерлейтін көпфункционалдық құрылғылармен жабдықталған. Токарлық шеберханасындағы станоктар: 4 токарлық, фрезер, механикалық ара, тегістеу, өткірлеу, үстел үстіндегі бұрғылау, тік бұрғылайтын. Машиналарды жөндеу бойынша шеберхана: электргидравликалық платформалық көтергішпен, доңғалақтарды  тең ұстағыш стендпен, оларды жөндеу және қайта орнату бойынша жабдықталған.

Колледжде автокөлік құралдары паркі бар: екі жеңіл автомобиль ВАЗ-2107, ВАЗ-21091, екі жүк машина ГАЗ-53, комбайндар – астықжинау ЕНИСЕЙ, ЕСИЛЬ, НИВА, ДОН-1500, доңғалақты трактор  МТЗ-82 – 2 бірлік, К-700А – 4 бірлік, Т-150, шынжыр табанды трактор ДТ-75М, Т-40 шасси базансындағы дәнекерлейтін агрегат және өзге қажетті ауылшаруашылық жабдықтар жинағы.

Автомобильді жүргізу бойынша практикалық сабақтарды өткізу үшін оқыту автополигон бар, көлемі 0,5 га, фигуралары: ірі тоннель, жылан, гараждар, кіші тау, сегіздік,жаяу жүргіншілер өтпесі.

Ауыл шаруашылық жұмыстарын практикалық дағдыларды өңдеу, көлемі 1237 га оқу аймағында жүргізіледі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған