Жаңа
әліпбидің ережелерін үйренейік!
Қосымшалардың
жалғануы
1.Соңғы буынында á
әрпі жазылатын түбір сөздерге ашық дауыстылармен
қосымшалар ғана жуан жалғанады.
Мысалы: kúnásina,
kýásinan, kúnáǵa, kinálaý,
shúbálaný, kúmánǵa,
kúmándaný.
2.S, z, j дыбыстарына
аяқталатын сөздерге s, sh дауссыздарынан
басталатын қосымша
жалғанғанда, түбір сақталып жазылады.
Мысалы: tuzsyz (tussyz емес), sózsiz (sóssiz емес).
3.N дыбысына аяқталатын
сөздерге ǵ,
g, b, m дауыссыздарынан басталатын қосымша жалғанғанда,
түбірдің негізгі тұлғасы сақталып жазылады.
Мысалы: burynǵy (baryńǵy емес), janǵa (jańǵa
емес), qaýynǵa (qaýynǵa емес), túngi
(túńgi емес).
4.Сөз соңындағы k, q, p, әріптері тәуелдік жалғауы немесе
көсемшенің -a, -e,
-ı, жұрнағы жалғанғанда, g,ǵ ,b, (ý) болып жазылады.
Мысалы: júrek – júregi,
qazaq – qazaǵy, baıraq – baıraǵy.
Бірақ sap –
sapy, sapynda, tarap – tarapynda, tarapymyzdan, qazaq – qazaqy тәрізді
сөздердің түбір тұлғасы сақталып жазылады.
5.Екінші сыңары basy, asy, aǵasy, anasy
тұлғаларымен келген біріккен сөздерде қосымша
сөздің тәуелдік формасына жалғанады.
Мысалы: Elbasyna,
Elbasyn, Elbasynda, otbasyna, otbasyn, otbasunda.
Тәуелдік жалғауынның 3 жағы жалғанбайды.
Практика
Кестедегі дұрыс қосымша жалғанған сөздерді
белгілеңіз.
№ |
Сөздер |
Дұрыс |
№ |
Сөздер |
Дұрыс |
1 |
basshy |
|
1 |
sembeıdi |
|
2 |
jazsyn |
|
2 |
súıegi |
|
3 |
aýyshsha |
|
3 |
qussha |
|
4 |
júgenge |
|
4 |
tómeńgi |
|
5 |
kúregy |
|
5 |
kitaby |
|
6 |
otaǵasyna |
|
6 |
aspabi |
|