Ұлы Абайға 175 жыл.

«Ұлы – халықтың – ұлыАбайы!»

Колледжде Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған

«Ұлы – халықтың – ұлыАбайы!» атты іс-шара өткізілді.

Мерекенің  мақсаты: қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев туралы тереңірек меңгеру, өмір жолы мен шығармашылығын, өлеңдерін, қара сөздерін таныту,

Абайдың даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттау, құрмет ету, адамгершілікке тәрбиелеу болды.

Мерекелі іс-шара ауызша журнал түрінде өтті:

  • бірінші беті: «Абайдың өмірбаяны, балалық шағы»;
  • екінші беті: «Абай- лирик ақын»;
  • үшінші беті: «Абай-аудармашы»;
  • төртінші беті: «Абай- сазгер» ;
  • бесінші беті: «Абай- философ».

 «Құлақтан кіріп бойды алар, Жақсы ән мен тәтті күй», демекші  «Көзімнің қарасы» деген ән және қара сөздерінен үзінді тыңдалды.

   Абайдың табиғат лирикасы, әсіресе, жылдың 4 мезгілін суреттейтін өлеңдерін және Крылов, Лермонтовтың шығармаларын студенттер қазақ тілінде оқыды.

    Студенттер Абайдың өмірбаянымен танысып, бейнетаспа қарады.

Абайдың мақсаты: наданды өнерлі, ақылсызды ақылды, жалқауды еңбеққор, епсізді епті,берекесізді берекелі ету еді. Сондықтан да, Абай атамыздың асқақ арманын жүзеге асыруы керек екенін студенттер түсіне білді.

     «Жақсының атты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» демекші, Абай- бізбен мәңгі, ол – өлмек емес!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған