«Hard, soft, skills сияқты тренингтерді, арнайы пәндерді оқытуда онлайн сервистерді қолдану»

2021 жылдың 12 ақпанында ақпараттық пәндер оқытушыларының әдістемелік бірлестігінің жұмысы аясында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының ТжКБ әдістемелік кабинетінің басшылығымен «Hard, soft, skills сияқты тренингтерді, арнайы пәндерді оқытуда онлайн сервистерді қолдану» тақырыбы бойынша онлайн форматта модельдеу вебинары өтті.
Семинарға 25 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 38 оқытушы қатысты. Семинардың мақсаты әр түрлі онлайн – сервистер мен қашықтықтан оқыту құралдарын қолдана отырып, білім беру процесін ұйымдастыру бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру болды. Тақырып кездейсоқ таңдалмады, компьютерлік технологиялар дәуірінде сандық және электронды білім беру ресурстары сабақтың ажырамас бөлігі болып табылады.

Семинар жұмысы ақпараттық пәндер оқытушылары арасында дәстүрге айналған «ІТ-оқытушы» конкурсы туралы шолу бейнеролигінен басталды. ОӘБ басшысы И.С. Саенко педагогқа 2021 жылы конкурсқа дайындық бойынша ұсыныстар берді.

«ІТ-оқытушы» конкурсының жеңімпаздары И.А. Золотарева (Жітіқара политехникалық колледжі), М.К. Салькенова (Қостанай педагогикалық колледжі), Н. Т. Султанова, Г. Б. Абдулина (Қостанай индустриялық-педагогикалық колледжі) интерактивті онлайн – сервистерді пайдалану бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті, Google – сервистердің артықшылықтарын көрсетті, жария маман болуға, коммуникацияларды дұрыс орната білуге мүмкіндік беретін hard, soft, skills сияқты тренингтерді қолдану туралы айтып берді.

Баяндамашылар ұсынылған ақпаратты семинарға қатысушылармен онлайн-режимде практикалық жаттығулармен бекітті.

Жұмысты қорытындылай және талдай отырып, семинарға қатысушылар АКТ қолданудың сөзсіз артықшылықтары бар екенін атап өтті: білім алушылардың қызығушылығын арттырады және оқу мотивациясын күшейтеді, бұрын қол жетімді емес ақпараттың үлкен массивіне қол жеткізуге, білім көзімен «диалогты» жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған