20 мамыр күні Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінің “Әлеуметтік-технологиялық бөлімінде” технологиялық пәндер апталығының салтанатты ашылуы өтті. Ашылу “Дұрыс тамақтанудың: жақсы және жаман жақтары” тақырыбында, танымдық ақпараттық конференция түрінде өтті. Дұрыс тамақтану туралы баяндама жасаған студенттер: Молдаш Д., Ковалева А., Карасева Е., Свешников В., Тимякова К. Іс-шараның мақсаты: студенттердің танымдық және шығармашылық белсенділігін арттырып, олардың өз-өздерін тануына және дамытуына жағдай жасау.