17 қыркүйек 2021 жылы «Южный» қалалық кітапханасында Қостанай индустриялық-педагогикалық колледжі МСХ- 21 топ студенттермен «Үштілділік – болашаққа бастар жол» атты танымдық сабағы өтті. Елбасымыздың үштілділік жоспарын іске асыру мақсатында ана тілге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, орыс, ағылшын тілдерін жетік білуге баулу. Жүргізуші жастарға тақырып бойынша толық мәлімет берді. Қоғамдағы өзекті мәселе латын қарпіне көшуге байланысты кітапхана қызметкері мәліметтерге тоқталды. Кеш барысында С. Мауленовтың, Ә. Тәжібаевтың, М. Мақатаевтың ана тіл туралы өлеңдері оқылып және әндер айтылды. Мұхтар Шахановтың «Қазақ тілі қашан, қалай мемлекеттік тіл болды?» атты видео-сюжеттерді студенттер тамашалады. Викторина сұрақтарына студенттер белсене жауап берді. Іс-шараға қатысқан студенттер ана тіл туралы өлеңдер оқып, өз ойларын ортаға салды. Шара барысында «Полиглот» ойыны ойналды, қойылған сұрақтарға студенттер үш тілде жауап берді. Кітапхана қызметкері шара соңыңда «Тіл – тіршілік тірегі» атты тақырыптық сөреге шолу жасады.