Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінде Экспо-2017 Көрмесіне арналған «Салауатты колледж» атты апта өтті. Аптаның міндетімен мақсаты ұлдар мен қыздарды жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен айналысуға тарту болып табылады. Жарыс колледждің спорт аланыңда өткізілді. Жарыстың бірінші күні бірінші курс студенттері жарысқа түсті. Ұлдар арасындағы кіші-футбол жарысынан ДТ-1-17 топ жігіттері үздік, ал жағажай волейболы жарысынан ДТ-1-17 топ қыздары үздік атанды. Стрит бол жарысынан ДТ-1-17 топ қыздары үздік, ал ЖО-17 топ жігіттері үздік атанды. Сондай-ақ, ұлдар арасындағы белтемір тарту жарысынан үздік нәтиже көрсеткен ДТ-2-17 топ студенті Руднев Анатолий, ал қыздар арасындағы колды жатып бүгу жарысынан жақсы нәтиже көрсеткен ӘЖ-17 тобының студенті Бумбаева Диана. Ал аптаның бірінші күнінің финалы қыздар мен ұлдар арасындағы гір спорты бойынша жарыстар болды. Жігіттер серпін екі гір көтеру орындап үздік нәтиже көрсеткен ДТ-1-17 топ студенті Жунусов Арман, ал қыздар гірді бір қолмен көтеру жарысымен жарысып ең үздік нәтиже көрсеткен ДТ-1-17 топ студенті Варанкина Анна.
Аптаның екінші күні бөлім құрамалары күреске түсті. Жағажай волейбол жарысынан қыздар арасында “Техникалық-педагогикалық” бөлімінің қыздары үздік болды. Ұлдар арасындағы стрит бол жарысынан “Техникалық-педагогикалық” бөлімінің жігіттері жеңімпаз атанды, қыздар арасынан “Әлеуметтік-технологиялық” бөлімі. Ұлдар жане қыздар арасында өткен шағын футбол жарысында “Техникалық-педагогикалық” бөлімі бәсекелестіктен тыс болды.
Аптаның үшінші күні ең жылдам және төзімді жүгіру жарысы болды, жасөспірімдерге 3 шақырым жүгіріп өту қажет, ал қыздарға 2 шақырым. Ұлдар арасында ДТ-1-17 топ студенті Валерий Волков жеңімпаз атанып, ал қыздар арасында өткен жылдың жеңімпазы ДТ-15 топ студенті Полницкая Мария болды.
Аптаның төртінші күні тек жігіттер арасында автобиатлон жарысы өтті. Автомобилді тамаша жүргізу және оқ пневматикалық винтовкасынан ату өнерін көрсету керек болды. Осы жарыстар бойынша ДТ-15 топ студенті Истаев Рахим үздік нәтиже көрсетті.
Осы төртінші күні қыздар мен жігіттер өз күштерін ұлттық ойын тоғыз құмалақ және дойбыдан сынады. Ұлдар арасында дойбы ойынынан АШМ-КО-2к-16 топ студенті Кадырбаев Бекболат жеңімпаз атанды, ал қыздар арсынан ӘЖ-17 топ студенті Иващенко Анастасия жеңімпаз болды. Ұлттық ойын тоғыз құмалақтан ұлдар арасында АШМ-КО-2к-17 Кешан Арман, ал қыздар арасында ТӨӨ-КО-1-17 топ студенті Бердибаева Сауле жеңімпаз атанды.
Ал аптаның финалы жолақтар арқылы жарыс болды. Қатысушыларға батпақтан, ағымдардан, маятниктік өткелдер өту, зардап шеккендерді аспалы жолмен тасуды жүзеге асыру керек болды. Ұлдар жане қыздар арасында “Техникалық-педагогикалық” бөлімі студенттері үздік атанды.
Жарыстың өткізілуіне басшылық ету дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы Ю. И.Гриневқа, зертханашы Б. А. Әлжановқа және оқытушылар Н.А.Тулегеноваға, А. В.Кожевниковқа, Т. В.Набиркинаға, А. К.Каринаға, Д.К. Гриневқа жүктелді.