Студенттерге арналған онлайн дәріс

2022 жылдың 29 сәуірінде “Ұлттық допингке қарсы орталық” РМҚК маманы Ғалия Болатқызы Жұмабаева “дене шынықтыру және спорт” мамандығының ДШ-19 тобының студенттеріне “Заманауи Спорттағы допингке қарсы бағдарлама”атты онлайн дәріс өткізілді.

Дәріс аясында студенттер допингке қарсы саясаттың нормативтік-құқықтық актілерімен, допингке қарсы ережелерді бұзумен, тыйым салынған тізіммен және допинг-бақылау рәсімі қалай өтетінімен таныстырылды.

Дәріс көптеген сұрақтарды тудырды, оған дәріскер егжей-тегжейлі жауап берді, оның ішінде Токио мен Пекин Олимпиадасында допингке қарсы комитеттің инспекторы ретінде алған тәжірибесі болды.

Мұндай іс-шаралар дәстүрлі болып қана қоймай, онлайн режимде де өтеді деп үміттенеміз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған