Ашық есік күндері

1 және 2 қыркүйекте Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінің кітапханасында ашық есік күндері өткізілді. Оларға қатысу үшін бірінші курс студенттері шақырылды.

Бірінші курс студенттері кітапхананы пайдалану ережелерімен, жұмыс кестесімен, бөлімдермен және қор ерекшеліктерімен, кітапхана оқырманы болу үшін қандай құжаттар қажет екендігімен, анықтамалық-библиографиялық аппаратпен және кітапхана қорымен, дәстүрлі кітапхана каталогтарымен (алфавиттік, жүйелік, мерзімді басылымдар каталогы) танысты.

Колледж кітапханашылары анықтамалық әдебиетпен қалай жұмыс істеу керектігін айтып, сөздіктерге, энциклопедияларға, анықтамалықтарға толық шолу жасады.

Студенттер электронды ресурстар туралы, электронды ортада ақпарат іздеу туралы білді.

Бірінші курс студенттері “Буккроссинг: оқып болдың – басқаға бер”акциясы туралы ақпарат алды. Кітапханашылар буккроссинг акциясы аясында оқырмандарға сыйға тартылған кітаптар сөресін көрсетті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған