“Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжі” КМҚК

9 және 11 сыныптар базасында бюджеттік және коммерциялық негізде мамандар даярлайды

Оқу нысаны: күндізгі.

Мақсаты: нарықтық экономика мен дағдарыс жағдайында бәсекеге қабілетті жан-жақты дамыған, сауатты, көпшіл маман даярлау және шығару.

Мамандығы: 06130100 Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша).

Біліктілігі: 4s01140802 Бағдарламалық жасақтама жасаушы

Оқу мерзімі: 9 сынып негізінде 3 жыл 10 ай

                        11 сынып негізінде 2 жыл 10 ай

Оқыту түрі: күндізгі

Оқыту тілі: орыс

Бұл мамандық бағдарламалауға қызығушылық танытатын және ақпараттық технологиялар нарығының қарқынды дамуының қазіргі жағдайында мамандар арасында маңызды бәсекелестік артықшылықтарды қамтамасыз ететін қызықты мамандыққа ие болғысы келетін ұлдар мен қыздар үшін ең тартымды мамандықтардың бірі болып табылады.

Кәсіби қызмет түрлері:

  • Бағдарламаларды әзірлеу және сүйемелдеу, техникалық құралдарды орнату және жөндеуді жүзеге асыру,
  • Ғылымның, техниканың, экономиканың және өндірістің әртүрлі салаларында деректер базасын және Web-сайттарды құру.

Кәсіби қызмет түрлері:

  • Мамандық мәліметтер базасын, интеллектуалды бағдарламалық жүйелерді, мультимедиалық технологияларды және әртүрлі қолдану жүйелерінің бағдарламалық жасақтамасын қолдану саласында жұмыс істеуге бағытталған.
  • Мамандық түлегі бағдарламаның трансляциясын және күйін келтіруді, есептерді шешу кезінде деректерді басқаруды, бағдарламаларды тестілеуді жүргізе алады, бағдарламалық өнімді қорғау құралдары мен әдістерін қолдана алады, бағдарламалар мен бағдарламалық құралдарды енгізіп, сүйемелдей алады,
  • Өндірістік және экономикалық процестерді, оларды шешу әдістерін модельдеу және нәтижелерді талдау, деректерді қорғауды ұйымдастыру, ақпаратты өңдеудің автоматтандырылған жүйелерін құру.
  • Арнайы пәндер бойынша сабақтар компьютерлік сыныптарда жүргізіледі. Барлық арнайы пәндер бойынша аудиториялық-теориялық және зертханалық-практикалық сабақтар жүргізіледі.