Жаңа әліпбидің ережелерін үйренейік!

1.  Сөз ортасындағы қайталама сс, мм, лл, тт, фф, нн, бб, рр, пп, гг, дд, кк, уу дыбыстарын білдіретін әріптердің бірі түсіріліп жазылады.

Мысалы: профессор – profesor, грамматика – gramatıka, металлургия – metalýrgıa, аттестат – atestat, аффект – afekt, туннель – týnel, гиббон – gıbon, корреспондент – korespondent, аккорд – akord, вакуум – vakým.

Ескерту:Сөз мағынасына әсер ететін жағдайда, сондай-ақ өлшем бірлік атауларында қайталама дыбыстар сақталып жазылады: netto, dollar, massa, tonna, million, millimetr, esse, sammit, ballada, mıllıgram, vanna, irrasıonal, ırreal, trýppa, býdda, býddısm.

 Практика

 Берілген сөздерді жаңа әліпби ережесіне сай жазыңыздар:

 Рессора, процессор, ассонанс, коммуна, симметрия, аммиак, эллипс, колледж, тролейбус, аффрикат, ваннер, корректор, ипподром.

2.-рк, -рг,-кс,-лк,кл,-нк әріп тіркестеріне біткен сөздерге қосымшалар жіңішке жалғанады:ocherk (-tiń –i –ke -ter) lúks (-tiń –i –ke -ter)sıkl (diń – i – ge -der)

Практика

Қосымшалардың дұрыс жалғанған нұсқасын белгілеңіз.

Цирк

sırk+tyń

 

sırk+tiń

 

Минут

mınýt +tyń

 

mınýt +tiń

 

Бокс

boks +tyń

 

boks+ tiń

 

Эссе

esse+nyń

 

esse +niń

 

Полк

polk +tyń

 

polk+ tiń

 

Аттестат

atestat+ tyń

 

atestat+ tiń

 

мюзикл

múzıkl +tyń

 

múzıkl+diń

 

Танк

tank +tiń

 

tank+tyń