Қазақстан Республикасының Білім министрлігі мен HP Inc компаниясы арасында. мұғалімдердің цифрлық және педагогикалық құзыреттерін қолдауға және кеңейтуге бағытталған HP Innovation and Digital Education Academy (HP IDEA) бағдарламасына оқытушылардың қатысуы арқылы Қазақстан Республикасындағы білім беру секторында біліктілікті арттыруға және таланттарды дамытуға жәрдемдесу мақсатында ынтымақтастық саласындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.
Алдыңғы қатарлы кадрларға арналған 2023 жылдан 2024 жылға дейінгі бір жылдық бағдарлама конференцияларды, оқу сабақтарын, әлемдік тәжірибені зерделеуді, тапсырмаларды орындауды қамтыды.
HP idea бағдарламасына қатысу қорытындысы бойынша Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінің “оқу процесін геймификациялау” тақырыбындағы инновациялық жобасы Қазақстан Республикасындағы ең қолайлы және тиімді болып танылды және HP EDTECH Incubator-2025 халықаралық жобасына қатысу құқығына ие болды.
Қазіргі уақытта жобаға команда қатысады: жоба жетекшісі Саенко Ирина Сергеевна, команда мүшелері: Сүлейменов Асылхан Әуезханұлы, Абдулина Гүлнара Бибиталиевна, Кужахметова Әсел Жадыгеровна, Нәжіканов Темірлан Оразғалиұлы, Шепетовская Евгения Сергеевна.