Жаңа әліпбидің ережелерін
үйренейік!
Түбір сөздердің емлесі.
Қазақ
тілінде түбір сөздер тіл үндестігі бойынша жазылады.
1.Төл сөздер бірыңғай жуан не
жіңішке үндесіммен жазылады.
Мысалы: азамат – azamat, ынтымақ – yntymaq, босаға – bosaǵa, әсем – asem.
Ескерту: Ал кейбір кірме сөздерде тіл үндeстігі
сақталмай жазылады: Құзірет – quzeret, мұғалім – muǵalim, қызмет – qyzmet,
қадір – qadir, кітап – kitap.
2. Сөздердің және күрделі
сөздер мен сөз тіркістері сыңарларының түбір тұлғасы
сақталып жазылады.
Мысалы: құлын
(құлұн емес) – qulyn (qulun емес), жүзім (жүзүм емес) – júzim
(júzúm емес), күнкөріс – kúnkóris, бара
алмаймын – bara almaimyn (baralmaimyn
емес).
Практика.
Төмендегі сөздерді жаңа әліпби бойынша
жазыңыздар:
көйлек, үйрек, орындық, ақ ала, барса игі еді, шекара,
қыркүейек, көкөніс.
3.«нг» әріп
тіркесінің жазылу ережесі
Қазақтың төл сөздері г әрпіне аяқталмайды. Сол себепті
қазақ төл сөздерінің соңында нг
әріптер тіркесі кездеспейді. Г әрпі
және нг әріп тіркесі тек кірме
сөздер мен термин сөздерде кездеседі. Сөздердің
соңында тұрған нг әріп
тіркесінің орнына ń (ң) әрпі
жазылады.
Мысалы: паркинг – parkiń, боулинг – boýliń.
Ескерту: Бір буынды сөздер соңында нг әріп тіркесі жазылады. Мысалы:
ринг – rıng.
Практика
Төменде берілген сөздерді
жаңа әліпби ережесі бойынша жазыңыздар:
Брифинг, брейн-ринг, ранг, боулинг, ринг, чанг, сленг, рейтинг, гонг.