25 қаңтарда Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінде “Серік алаңы” желілік оқыту жобасы аясында облыстық дөңгелек үстел өткізілді.
Аталған іс-шараның мақсаты: “Серік алаңы” жобасын іске асыру шеңберінде өзара тиімді әлеуметтік әріптестік құру бойынша өзекті мәселелерді талқылау.
Дөңгелек үстелге қатысушылар-облыстың 19 колледжінің басшылары, басшылардың орынбасарлары және педагогтары қатысты. Іс-шара барысында барлығы белсенді қатысты, өз баяндамаларын ұсынды, түрлі мәселелер бойынша сұрақтар қойды, талқыланды. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша “Серік алаңы”желілік өзара оқыту жобасын одан әрі іске асыру бойынша ұсыныстар енгізілді.