2018 жылдың 15 қаңтарында «Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжі», қысқы каникулдан кейінгі бірінші оқу күні кураторлар сағаттарында барлық топтарда – 2018 жылғы 10 қаңтарында жарияланған Қазақстан Республикасы Елбасы Н.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа жолдауды талқылау өткізілді.
Топ кураторлары және лекторлық топ, жолдауда аталған негізгі бағыттарды қарастырды:
Бірінші. Индустрияландыру – жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналу тиіс.
Екінші. Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту.
Үшінші. Ақылды технологиялар – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі.
Төртінші. Көлік – логистика инфрақұрылымның тиімділігін арттыру.
Бесінші. Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу.
Алтыншы. Қаржы секторын «Қайта жаңғыру».
Жетінші. Адами капитал – жаңғыру негізі.
Сегізінші. Тиімді мемлекеттік басқару.
Тоғызыншы. Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі.
Оныншы. «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін.
Қатысушылар «Білімнің жаңа сапасын», «Жұмыс берушілерді жұмылдыра отырып, халықаралық талаптарға сай келетін және Цифрлық білім беру ресурстарын дамыту, кең жолақты Интернетке қосу және мектептерімізді видеоқұрылғылармен жабдықтау жұмыстарын жалғастыру қажет. Жұмыс берушілерді тарту арқылы және халықаралық талаптар мен цифрлық дағдыларды ескере отырып, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын жаңарту керек. «Баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасын жүзеге асыруды жалғастыру қажет. Мемлекет жастарға алғашқы мамандықты береді. Үкімет бұл міндетті орындауға тиіс. Орта мектеп пен колледждер және жоғары оқу орындары үздік оқытушыларының видеосабақтары мен видеолекцияларын Интернетте орналастыру керек. Бұл барлық қазақстандықтарға, оның ішінде шалғайдағы елді мекен тұрғындарына озық білім мен құзыреттілікке қол жеткізуге жол ашады. Жоғары білім беру ісінде жасанды интеллектпен және «үлкен деректермен» жұмыс істеу үшін ақпараттық технологиялар бойынша білім алған түлектер санын көбейту керек. Осыған орай металлургия, мұнай-газ химиясы, агроөнеркәсіп кешені, био және IT-технологиялар салаларын зерттеу ісінде басымдық беретін жоғары оқу орны ғылымын дамыту керек. Қолданбалы ғылыми-зерттеулерді ағылшын тіліне біртіндеп көшіруді жүзеге асыру талап етіледі. Жоғары оқу орындары шетелдердің жетекші университеттерімен, ғылыми орталықтарымен, ірі кәсіпорындарымен және трансұлттық корпорацияларымен бірлескен жобаларды белсенді түрде жүзеге асыруы қажет. Жеке сектордың бірлескен қаржыландыруға атсалысуы барлық қолданбалы ғылыми-зерттеу әзірлемелері үшін міндетті талап болуға тиіс. Жас ғалымдарымызға ғылыми гранттар аясында квота бөліп, оларды қолдаудың жүйелі саясатын жүргізуіміз керек. Білім беру саласына өзінің инвестициялық жобалары мен экспорттық әлеуеті бар экономиканың жеке саласы ретінде қарайтын кез келді. Жоғары оқу орындарына білім беру бағдарламаларын жасауға көбірек құқық беріп, олардың академиялық еркіндігін заңнамалық тұрғыдан бекіту керек. Оқытушылардың қайта даярлықтан өтуіне күш салып, жоғары оқу орындарына шетелдік менеджерлерді тартып, әлемдік университеттердің кампустарын ашу қажет. Ұлттың әлеуетін арттыру үшін мәдениетіміз бен идеологиямызды одан әрі дамытуымыз керек. «Рухани жаңғырудың» мән-маңызы да нақ осында. Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс.